
Батыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы тасқын суын апатсыз өткізу үшін инертті материалдар: 850 тонна құмды-қиыршық тасты қоспа, 200 тонна шағыл қиыршық тас (щебень), 1400 тонна кесек тас, 7 тонна бензин және 8 тонна дизель отынын дайындады. Бүгінгі таңда филиал мамандары жергілікті атқарушы орган, Төтенше жағдайлар департаменті, бассейндік инспекция өкілдерімен бірлесіп, меншік иесіне қарамастан гидротехникалық имараттардың тасқынға дайындықтарын тексеруде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/944168

Жауап қалдыру