Цифрлық даму министрлігі eGov mobile арқылы жасанды интеллектіні қолдану туралы сауалнама жүргізеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

3-9 наурыз аралығында Цифрлық даму министрлігі азаматтар арасында жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолдану туралы сауалнама жүргізеді. Сауалнамаға eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы «Хабарламалар» бөлімінде қатысуға болады.
Сауалнама бес сұрақтан тұрады — ЖИ туралы білім мен оны қолдану, оның шешімдеріне деген сенім және жаңа технологиялармен жұмыс істеуге дайындық туралы.
Сауалнама нәтижелері бойынша талдау жасалып, олар цифрлық дағдыларды дамыту және ЖИ-ді күнделікті өмірге енгізу бойынша келешектегі бастамалар үшін негіз болады.
Бұған дейін, 3 наурызда, Мәжілісте Қазақстанда ЖИ-ді қолданудың ашық әрі түсінікті ережелерін жасауға бағытталған «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы таныстырылды.
ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/950316


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді