
Д.Қонаев атындағы ҮАК филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында каналдардың бас құрылыстарын жауып, электр жабдықтары мен көтергіш механизмдерді тексерді. Су қоймаларында тұрақты түрде жоғарғы бьефтегі су деңгейіне бақылау жүргізіледі. Наурыз айынан бастап арналарды реттеу, қорғаныс бөгеттерін күшейту іс-шаралары атқарылады. Айта кету керек, еліміздің оңтүстігіндегі су қоймалары су жинау режимінде жұмыс істеп жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/946378

Жауап қалдыру