Е. НҰРЛЫБАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА БОСАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ОТЫРЫС ӨТКІЗДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көкшетауда ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев пен Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың төрағалығымен босандыру қызметінің жұмысын жетілдіру мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Елена Иванова облыста босандыру қызметін ұйымдастыру туралы баяндады.

Ол босандыру мәселелеріне кешенді көзқарас үшін Ақмола облысында 2025-2026 жылдарға арналған АӨ жағдайларын азайту жоспарының жобасы дайындалғанын атап өтті. Құжат бейінді мамандарды тартуды, жаңа жабдықтарды сатып алуды, дәрігерлердің біліктілігін үздіксіз арттыруды, акушерлікте ағза сақтайтын операциялар бойынша мастер-кластар өткізуді көздейді.

Отырыс барысында Ержан Нұрлыбаев жергілікті босандыру ұйымдарының басшылығына бірқатар сын-ескертпелер айтып, болашақ аналардың денсаулығын сақтау үшін алдын алу шараларын қабылдау, сондай-ақ жүктілік кезінде медициналық көмектің сапасын арттыру, босанғанға дейінгі бақылауды күшейту, бұл үшін барлық кадрлық және техникалық ресурстарды шоғырландыру қажеттігін атап өтті.

Сарапшылармен бірлесіп инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жағдай, сондай-ақ республикалық орталықтың ана өлімін төмендетудегі рөлі талқыланды.

Көкшетауға сапары барысында Денсаулық сақтау вице-министрі перинаталдық орталыққа барып, «Бір күндік клиника» консультациялық-диагностикалық бөлімшесінің, жаңа туған нәрестелердің реанимация және патология бөлімшесінің қызметімен, сондай-ақ ахуалдық орталықтың жұмысымен танысты.

Негізгі назар осы мониторингтік жүйені жетілдіру қажеттілігіне аударылды, бұл тәуекелдерді қысқартуға және халықтың медициналық көмектің уақтылы және сапалы көлеміне қанағаттануын арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Ақмола облысында 7 300 жүкті әйел есепте тұр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/954124


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді