Елордалық көркем гимнасшылар ҚР VI Жастар спорттық ойындарының жеңімпазы атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астаналық көркем гимнасшылар ҚР VI Жастар спорттық ойындарында жалпыкомандалық есепте топ жарды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының VI Жастар спорттық ойындары аяқталды. Төрт жылда бір өтетін бұл жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің басқа да өңірлерінен 300-ден астам спортшы қатысты. Спортшылар жекелей және топтық жаттығуларда үш жас ерекшелігі бойынша өзара сынға түсті.
Астана қаласынан қатысқан 27 гимнасшы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 1-орынды иеленді. Елордалық спортшылар 18 алтын, 14 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды. Оның ішінде:
Жекелей бағдарламада – 12 алтын, 12 күміс
Топтық бағдарламада – 6 алтын, 2 күміс.
Осылайша, Астана командасы жарыстың абсолютті жеңімпазы атанды. Алматы қаласының спортшылары жалпыкомандалық есепте 2-орынға, ал Шығыс Қазақстан облысының гимнасшылары 3-орынға ие болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/950361


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді