
Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Шара барысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Министрлік қызметкерлерін келе жатқан мерекемен құттықтап, саланы дамытуға қосқан үлесі үшін марапаттарды табыс етті.
Министр «Құрмет» және «Еңбек даңқы» ІІІ дәрежелі ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен өндіріс саласының мамандарын, сондай-ақ бірқатар қызметкерлерді Алғыс хаттармен марапаттады.
«Мемлекет басшысы әйелдерге жан-жақты жағдай жасау, олардың құқығын қорғау және отбасы институтын нығайтуға ерекше көңіл бөлуде», – атап өтті Ерсайын Нағаспаев.
Министрлікте мемлекеттік қызметте 318 әйел жұмыс істейді. Оның ішінде 66 әйел қызметкер басшылық қызметте. Бұл әйелдердің кәсіпқойлығын, белсенділігін және министрліктің дамуына қосқан үлесін көрсетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/953156
Жауап қалдыру