Мал есебінің ашықтығы – мал шаруашылығының дамуы мен өнім қауіпсіздігінің негізі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауыл шаруашылығын, әсіресе мал шаруашылығын дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Саланы ашық жүргізу және ауыл шаруашылығы өндірушілерінің мүдделерін қорғау мақсатында Қостанай облысында ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Мал басын бақылау – қауіпсіздіктің кепілі
Мал басының нақты есебі ұрлық пен алаяқтық қаупін азайтады. Соңғы екі жылда облыста мал ұрлығы 2,8 есе қысқарды. Бұл жануарларды сәйкестендірудің заманауи әдістерін енгізудің, сондай-ақ құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың бақылауды күшейтуінің нәтижесі.
Малдың саулығы және аурулардың алдын алу
Малды тіркеу ветеринариялық қауіпсіздікпен тікелей байланысты. Есепке алынған жануарларға қажетті вакциналар уақтылы салынады, бұл қауіпті аурулардың таралу қаупін азайтады. Биркалау және вакцинациялау мемлекет есебінен жүргізіледі, бұл ауыл шаруашылығы жануарларын барынша қамтуға мүмкіндік береді.
Ет өнімдеріне қатаң бақылау
Бұл бағыттағы маңызды мәселелердің бірі – малды үй жағдайында союға жол бермеу. Нарыққа және дүкендерге түсетін барлық ет қатаң санитарлық бақылаудан өтуі тиіс. Осыған байланысты Қостанай облысының әкімдігі ет өнімдерін өткізу талаптарын қатаңдату бойынша жұмыстарын жалғастыруда.
Тоқсан сайынғы санақ және жауапкершілікті күшейту
2025 жылдан бастап өңірде малды тоқсан сайын санау тәжірибесі енгізілмек. Бұл бұзушылықтарды жедел анықтауға және мал шаруашылығы саласының жағдайын бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, малды есепке қоюдан жалтарғандарды жауапкершілікке тарту жұмыстары күшейтілуде.
Қалалар мен аудандар әкімдіктеріне осы бағыттағы жұмысты жандандыру тапсырылды. Бақылауды күшейтіп қана қоймай, халыққа малды уақытылы тіркеудің және санитарлық нормаларды сақтаудың маңыздылығын түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет.
Мал шаруашылығы – өңір экономикасының негізгі салаларының бірі. Ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алуды ретке келтіру оның тұрақты дамуына жағдай жасап, тұрғындардың дастарқанына түсетін өнімдердің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/950735


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді