МАҚТААРАЛ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Оралбайұлы Көшеровтің Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесуі 2025 жылғы 13 наурызда сағат 10.00-де аудандық мәдениет үйінде (Мырзакент кенті,С.Қожанов көшесі №17), жеке қабылдауы сағат 11.00-де аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ғимаратында (Мырзакент кенті,С.Жаштаев №81) өтетінін хабарлаймыз!
Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72533) 5-98-99,
5-93-97 байланыс телефондар және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2025 жылғы 11 наурызға дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 – 15.00) жүргізіледі.
Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/947333


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді