
Астанада Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінде Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті, онда мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алулардағы өндірістік процестерге отандық қайталама шикізатты енгізу бойынша отандық өндірушілерді қолдауға қатысты, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, медициналық зертханалардың қызметіне мемлекеттік бақылауды күшейту, отандық ауыл шаруашылығы өндірушілеріне салық салуды оңайлату. негізгі мәселелер қаралды.
Отырыстың басты мәселелерінің бірі мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алулар шеңберінде қайталама шикізаты бар өнімдерді отандық өндірушілерді қолдау болды. «Қазақстанның буып-түюшілер Қауымдастығы» ЗТБ Басқарма төрағасының орынбасары Наталья Кузнецова асфальтбетон қоспаларында полимерлік қоспаларды пайдалануды ынталандыру үшін бірқатар шараларды ұсынды, бұл оның пікірінше, жол төсемдерінің қызмет ету мерзімін едәуір арттырады және ағымдағы жөндеу қажеттілігін азайтады.
«Қазақстанның автомобиль жолдарын жөндеу және реконструкциялау кезінде отандық полимерлік қоспаларды пайдалану айтарлықтай артықшылықтарды көрсетті. Бұл битумға деген қажеттілікті азайтып қана қоймай, асфальтбетондардың физика-механикалық сипаттамаларын жақсартады», — деп атап өтті Наталья Кузнецова. — Отандық өндірушілерді қолдау мақсатында біз полимерлік қоспаларға кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін арттыруды және олардың импортына шектеулер енгізуді қоса алғанда, тарифтік және тарифтік емес қорғау шараларын енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз».
Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы Азамат Кәрімов ұсынылған шараларды қолдап, кедендік әкелу баждарының мөлшерлемесін арттыру мәселесі Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, мұқият зерделенетінін атап өтті. Министрлік ұсынылған шаралардың орындылығына талдау жүргізеді және мәселені сыртқы сауда саясаты мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына шығарады.
Қоғамдық кеңестің отырысы мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудағы, сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдауға және Қазақстанның ішкі нарығында өнім сапасын жақсартуға ықпал ететін мәселелерді шешудегі маңызды қадам болды.
Сауда және интеграция министрлігінің Қоғамдық Кеңесінің келесі отырысы ағымдағы жылдың сәуіріне жоспарланған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/953435
Жауап қалдыру