Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрінің Моңғолияның Қоршаған орта және климаттың өзгеруі министрімен кездесуі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

24 ақпан 2025 жылы Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың Моңғолияның қоршаған орта және климаттың өзгеруі министрі Салдангийн Одонтуяамен кездесуі өтті. Кездесуде экология, биоәртүрлілікті сақтау және климаттың өзгеруі саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Маңызды тақырыптардың бірі – киік популяциясын сақтау және оны тиімді пайдалану болды. Соңғы жылдары Қазақстанда киіктердің санының айтарлықтай өскені атап өтілді. Киіктердің санының артуы және табиғи ресурстар үшін бәсекелестіктің күшеюі жағдайында еліміз олардың санын болашақта басқарудың теңдестірілген тәсілін ұсынады. Осыған байланысты Қазақстан 2025 жылы өтетін CITES конференциясында киіктермен халықаралық саудаға қатысты шектеулерді қайта қарауды ұсынуды жоспарлап отыр және Моңғолияның қолдауына сенім артуда.
Министрлер климаттың өзгеруі мәселелері мен осы саладағы аймақтық ынтымақтастықты да талқылады. Е. Нысанбаев Қазақстан 2060 жылға дейін көміртек бейтараптылығы жетуді жоспарлап отырғанын, шығарындылар саудасын дамытып, ең үздік қолжетімді техникаларды енгізіп жатқанын мәлімдеді.
Е. Нысанбаев 2026 жылы өтетін БҰҰ-ның Аймақтық климаттық саммитіне қатысуға шақырды.
Тараптар жерді қалпына келтіру, шөлейттенуге қарсы күрес және көміртекті ауыл шаруашылығы саласында бірлескен жобаларға дайын екендіктерін білдірді. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев Одонтуя ханымды ынтымақтастық танытқаны үшін алғыс айтып, одан әрі серіктестікке сенім білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/944765


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді