
Астана, 2025 жылғы 25 ақпан – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түрікменстанның Қазақстандағы Елшісі Батыр Реджеповті қабылдады.
Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, транзит-көліктік және энергетикалық салалардағы қазақ-түрікмен өзара іс-қимылының өзекті мәселелері талқыланды. Биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ сұхбаттастар биыл екіжақты және көпжақты форматтарда жоспарланған іс-шаралар кестесін қарастырды.
ҚР СІМ басшысы Қазақстанның Түрікменстанмен стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге мүдделілігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/945697

Жауап қалдыру