Қазақстанда жылыту маусымына дайындық мониторингі жүйесі мен білім беру платформасы іске қосылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2024 жылы Қазақстанда Энергетика министрлігінің ахуалдық-талдамалық орталығы іске қосылды, ол нақты уақытта энергетикалық объектілер жұмысының көрсеткіштерін қадағалауға және салалық тәуекелдерді талдауға мүмкіндік береді.
«2025 жылы күзгі-қысқы кезеңнің дайындығы мен өтуіне мониторинг жүргізу жүйесі іске қосылады. Сондай-ақ салалық ақпараттық жүйелерге жасанды интеллект элементтерін енгізу және мұнай өнімдері мен сұйытылған мұнай газын бөлу бойынша цифрлық сервисті іске асыру жоспарланып отыр. Бұл саланы басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді және тұтынушыларды энергия ресурстарымен үздіксіз қамтамасыз етуге ықпал етеді», – деді Алмасадам Сәтқалиев.
Сонымен қатар Министрдің айтуы бойынша салалық білім беру платформасы құрылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/946358


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді