«Қошқар-Ата» қалдық қоймасының айналасында көгалдандыру жұмыстары жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысымен “Қошқар-Ата» қалдық қоймасы – аймақтың өзекті экологиялық мәселелерін талқылады.
Қошқар ата Ақтау қаласынан 5 шақырым, Каспий теңізінен 7 шақырым қашықтықта орналасқан. 1965 жылдан бері бұл аумақта тау-кен металлургия өндірісінің 105 млн тоннадан астам қалдығы жиналған, оның ішінде әлсіз радиоактивті қалдықтар да бар.
2015 жылдан бері қалдық қоймасының айналасында сексеуіл отырғызу арқылы жасыл белдеу қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 168,2 гектар аумақ көгалдандырылды. 2026 жылға дейін жобаны толық аяқтау үшін шамамен 400 гектар жерге сексеуіл отырғызу жоспарланған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/947250


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді