ҚР Туризм және спорт министрлігі Алматы облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына үміткердің кандидатурасына келісім берді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Алматы облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына ұсынылған кандидатура қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері К. Ахметов атындағы Республикалық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжінің директоры Айбол Құлбаевтың кандидатурасына келісім берді.

Кандидаттың спорт саласындағы кәсіби тәжірибесі, басқарушылық қабілеті және өңірдегі спортты дамытуға қатысты ұстанымы комиссия тарапынан жан-жақты зерделеніп, оң шешім қабылданды.

Кандидаттарды жергілікті атқарушы органдар ұсынады, ал тағайындау тек ҚР Туризм және спорт министрлігі жанындағы комиссияның мақұлдауынан кейін жүзеге асырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/945828


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді