
Ел Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылдың сәуір айының басында іске қосылған «Таза Қазақстан» бағдарламасын қостанайлықтар ауқымды түрде қолдауды жалғастыруда. Бұл бастаманың мақсаты – халықтың экологиялық хабардарлығын арттыру және облыстың әртүрлі аймақтарындағы қоршаған ортаны жақсарту.
Бағдарлама аясында өңірде қазірдің өзінде аумақтарды тазарту және абаттандыру, қалдықтарды жинау және қайта өңдеу бойынша ауқымды іс-шаралар, сондай-ақ азаматтардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған ағарту жұмыстары – акция, дөңгелек үстел, семинарлар ұйымдастырылып жатыр.
Бағдарламаны жүзеге асыруда жергілікті кәсіпорындар және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық маңызды рөл атқарады. Іс-шараларға бизнес-қауымдастық, жастар, спортшылар мен этномәдени бірлестік өкілдері белсенді қатысуда.
Ағымдағы жылдың 12 наурызында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында «Рудный Медиа» ЖШС Рудный қаласының тұрғындары арасында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы туралы хабардар болу деңгейін бағалау мақсатында сауалнама ұйымдастырды. Сауалнама жастар мен үлкен адамдарды, түрлі кәсіп иелері мен әлеуметтік жағдайы әрқилы болып келген азаматтарды қамтыды, бұл объективті пікір жинауға мүмкіндік берді.
Сауалнама барысында өзекті экологиялық мәселелерді талқылауға белсенді қатысқан мектеп оқушылары, студенттер мен жастарға ерекше назар аударылды.
Бұл бастамалар экологиялық саналы қоғам құруда маңызды рөл атқарады және азаматтық белсенділікті нығайтуға ықпал етеді.
Лисаков қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Жеңіс саябағындағы соғыс жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштерін тазарту бойынша акция өтті. Іс-шараны Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, Жастар ресурстық орталығы және еріктілер қозғалысы ұйымдастырды.
Акцияның басты мақсаты – мемориал аумағын ретке келтіру ғана емес, өскелең ұрпақтың бойына тарихи мұраға, ата-баба ерлігіне құрметпен қарау және ескерткіштерге қамқорлық жасау мәдениетін қалыптастыру болды. Мұндай бастамалар тарихи жадты сақтаудың және қоршаған ортаға қамқорлықтың маңыздылығын еске салады.
Іс-шараға мемлекеттік және муниципалдық ұйым қызметкерлері, еріктілер және бей-жай қарамайтын қала тұрғындары – барлығы 13 адам қатысты. Қажетті құрал-жабдықтармен қаруланған қатысушылар ескерткіш маңындағы қарды құлшыныспен тазартты. Халықты қаланы көркейту, батырларға құрмет көрсету сияқты ортақ мақсат мақсаты біріктірді.
Мұндай акциялар қаланың көркін жақсартып қана қоймай, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын дамытуға, ауызбіршілікті нығайтып, алдағы уақытта да игі істерге ұйытқы болды.
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Алтынсарин ауданы Новоалексеев ауылдық модельдік кітапханасында кітапхана оқырмандарына «Мен кітаппен табиғат әлемін ашамын» атты кітап көрмесі ұсынылды.
Іс-шараны Новоалексеев ауылдық модельдік кітапханасы, «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ ұйымдастырды.
Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» патриоттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау.
Көрмеде туған өлкенің табиғатының сұлулығын паш ететін фотосуреттер, газеттерден алынған мақалалар көрсетілді. Көрменің мақсаты-жұртшылықтың назарын қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығына аудару және табиғатты сақтау үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын көрсету.
Сарыкөл ауылында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында адамдардың қоғамдық орындардағы қоқыс мәселесіне деген көзқарасын зерделеу және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Қоқысты тастап кетесің бе, әлде жинайсың ба?» атты әлеуметтік бейне-эксперимент өтті.
Ұйымдастырушылар мұндай бастамалар экологияның маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыруға көмектесетініне сенімді. Осы ретте, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған бірқатар ақпараттық кездесулер, экологиялық акциялар мен флешмобтар өткізу жоспарлануда.
«Шынымды айтсам, бастапқыда кәмпит орамасын лақтырған адамға ескерту жасағым келді. Артынша оны басқа бір кісінің жинағанын көріп, әлгі кәмпит ормасын тастап кеткен жүргінші үшін қатты ұялдым. Содан осы тазалық акциясына өз үлесімді қосқым келіп, жақын жерде жатқан бірнеше бөтелкені жинап, қоқысқа лақтырдым. Бұл акция адамдарды қоқыс тастау мәселесіне бей-жай қарамай, ойландырады деп үміттенемін», – дейді ауыл тұрғыны Максим К.
Іс-шараның негізгі мақсаты – адамдардың қоғамдық орында қалдырылған қоқысты жинай ма, әлде тастап кете ме деген мәселені, яғни қоқыс тастау этикасын зерделеу. Жүргізілген эксперимент сондай-ақ тұрғындардың экологиялық сауаттылығының деңгейін де анықтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/955062

Жауап қалдыру