ТЖМ «Құтқарушылар» командасы «Маусымашар-2025» ойындарында

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласында Республикалық Жайдарман ойындарының «Маусымашар-2025» ойыны өтті. Әзіл мен тапқырлықтың ордасына айналып, бар жанарды жаулаған Жайдарман ойындарына биыл 25 жыл толды.
Маусымға Әзірбайжан, Қытай Халық Республикасы, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен және еліміздің әр өңірінен барлығы 300-ге жуық команда тіркеліп, бақ сынады. Тәжірибелі командалардың арасында Астана қаласы мен Атырау облысы ТЖД қызметкерлерінен құралған «Құтқарушылар» командасы қатысып, өнер көрсетті.
Әзіл додасында «Құтқарушылар» командасы үздік нәтиже көрсетіп, «Жайдарман» Республикалық телевизиялық Ұлттық лига ойындарына жолдама алды. Сонымен қатар, Жайдарман Гала концерт ойындарында «Amanat» партиясының басшысы «Jaidarman Production» ұжымының атынан төтенше жағдай кезінде халықты құтқару жолында жүрген, атап айтсақ өткен жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде елді-мекенді су тасқынынан қорғау мақсатында атқарған қызметтері үшін «Игі іс» номинациясын құтқарушыларға табыстады.
«Құтқарушылар» командасы – Республикалық Жайдарман ойындары тарихындағы азаматтық қорғау органдарының бірінші командасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/946051


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді