Үш дүркін әлем чемпионы маңғыстаулық пара спортшыларды жаттықтыруда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысының әкімі, өңірдегі паралимпиада федерациясының құрметті президенті Нұрдәулет Қилыбай жаңаөзендік параволейболшылармен кездесті.
Спортшылар Ақтаудағы облыстық мүгедектер спорт клубында өтіп жатқан жаттығу жиынына қатысуда. Оларды облыс әкімінің ұйтқы болуымен өңірге келген Иранның белгілі бапкері, Лондон паралимпиадасының күміс жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионы, төрт дүркін Азия чемпионы Ахмад Ири жаттықтырып жатыр.
– Нұрдәулет Игілікұлы Иран мемлекетінің мықты бапкерін өңірге алдырып, мүмкіндігі шектеулі спортшылардың жоғары кәсіби деңгейде жаттығуына қамқорлық танытуда. Бапкердің келгеніне 10 күн болды. Отырып ойнайтын волейбол спортының халықаралық деңгейдегі шебері. Өңір басшысына жасаған игі ісі үшін алғыс айтамыз, – деді параволейболдан жаттықтырушы Құралбек Сейдов.
Айта кетейік, Нұрдәулет Қилыбай өткен жылы спортшылардың ұсынысымен облыстық паралимпиада федерациясының құрметті президенті болып тағайындалған еді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/944828


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді