Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүргізу туралы хабарландыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларын, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Министрлік жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің қызметі шеңберінде кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама қорытындыларын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерін аккредиттеуді жүргізу туралы хабарлайды.
Бiрлестiктер мен ұйымдар аккредиттеуге қатыса алады.
Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi мемлекеттік органға электрондық нысанда:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеуден өту үшін өтініш;
2) заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрылтай құжаттарының және мемлекеттiк (есептік) тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшiрмелерiн;
3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.
Аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алу үшін өтініш беруші орталық мемлекеттік және (немесе) жергілікті атқарушы органдарда аккредиттеуді қатарынан екі реттен артық растайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктердің көшірмелерін ұсынады.
Сонымен қатар, Қағидалардың 7-тармағына сәйкес Министрлікте аккредиттелуге үміткер бірлестіктер мен ұйымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын ұсынатынын хабарлаймыз.
Аккредиттеу алу үшін құжаттардың толық пакетін kalkamanova.d@minagri.gov.kz почтасына ұсыну қажет.
Аккредиттеу алу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 2025 жылғы 3 наурыздан 17 наурызға дейін.
Анықтама телефоны: 8 (7172) 555-904, ұялы.телефон: 8778-788-17-14.
Өтініш нысаны

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/949995


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді