Астанадан бір түнде 55 мың текше метрден астам қар шығарылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада қар шығару жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр. Коммуналдық қызметтер үздіксіз күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
13 наурыз күні таңертең Астанада 2500-ге жуық жол жұмысшы мен 1853 арнайы техника қар тазалауға жұмылдырылды.
Наурыздың 13-іне қараған түні коммуналдық қызметтер 4214 ауыр жүк көлігімен қаладан 55 234 текше метр қар шығарды.
Қыс мезгілінің басынан бері 597 147 ауыр жүк көлігімен 7,5 миллион текше метрден астам қар қаладан арнайы полигондарға шығарылды.
Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.
Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.
Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/955703


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді