Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сіздерді көктемнің жарқын мерекесі – Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Көрісу күні – халқымыздың сан ғасырлық салт-дәстүрін дәріптейтін, береке мен бірлікті, мейірім мен ізгілікті ту еткен мейрам. Бұл күні адамдар бір-біріне жылы лебізін білдіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетеді.
Алматы облысы – ынтымағы жарасқан, ырысы мол өңір. Ортақ шаңырағымыздағы татулық пен бірлік одан әрі нығайып, әр отбасыға құт-береке, бақ-дәулет әкелсін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/956741


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді