Су тасқыны жағдайы: қауіп-қатерді азайту жұмыстарын күшейту міндеттелді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірдегі су тасқынына қарсы штабтың отырысы кезінде облыс әкімі Асхат Шахаров төтенше жағдайдың алдын алу іс-шараларының орындалу барысын зерделеп, су басу қаупін азайту бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
Облыс аумағындағы су тасқыны жағдайы туралы «Қазгидромет» филиалының директоры Айгүл Саймова, облыстық «Қазсушар» филиалының директоры Ринат Шәуенов, қала әкімі Азамат Бекет, ТЖД басшысының орынбасары Айбат Жанабергенов және бірқатар аудан әкімдері баяндама жасады.
Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Айбат Жанабергеновтің мәліметіне сәйкес, облыс орталығы мен бірнеше ауданда өзендердің қауіпті аумақтарында жүргізілген мұз жару жұмыстары аяқталды. Еріген қар суларын сору, қар шығару, су арналарын кеңейту, арықтар мен су өткізгіш құбырларды тазарту жұмыстары әлі де жалғасуда.
Ойыл ауданының Ойыл ауылы аумағында су шайған өткелді қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Өңір басшысы ауылдың кіреберісіндегі Ойыл өзені арқылы техникалық көпір салу жұмыстарын жедел аяқтауды қатаң тапсырды.
Аудандардың әкімдеріне көктемгі тасқын кезінде автожолдардың су басу қаупі басым проблемалық учаскелерін жіті бақылауға алу жауапкершілігі жүктелді.
«Ауа-райы болжамына сәйкес, алдағы үш күнде сынап бағаны 16 градусқа дейін күрт жоғарылайды. Сондықтан дайындық шараларын мейлінше күшейту қажет. Барлық күш-жігер су тасқынының алдын алу шараларына бағытталуы тиіс. Аула аумақтары мен жол жиектерінен қар шығару және су айдау жұмыстарын жеделдету керек, дренаждық жүйелер мен арналарды бақылап, олардың толып кетпеуін және бітеліп қалмауын уақытылы бақылап отыру керек.
Әрбір жауапты басшы осы іс-шаралардың уақытылы орындалуына тікелей жауапты болады. Халықты және инфрақұрылымды су тасқынынан қорғау мәселесі ең басты міндет болып қалуы тиіс», – деп өңір басшысы өңір басшысы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/957666


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді