ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА Ш.ҚАЛДАЯҚОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛОРМОНИЯНЫҢ ОРКЕСТРІ КОНЦЕРТ ӨТКІЗДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазығұрт аудандық «Мәдениет сарайында» Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филормонияның «СҮГІР» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестірінің «Кино әуендері» атты концерті өтті. Тыңдармандарды қызықтырған концерттік бағдарлама көрермендерге тамаша әсер сыйлады.
Аталмыш концертте қазақ, түрік, үнді тағы басқа шетел киноларының және танымал мультфильмдердің саундтректері орындалды. Әр композицияның орындалуы ерекше, ұлттық аспаптарда жеткізілген әуендер тыңдармандарды ескі естеліктерге түсіріп, өнердің шексіз мүмкіндіктерін сезіндірді.
Сонымен қатар ұлттық аспапта орындалған қазақ халқының күйлері концертке келген көрермендерге ерекше серпіліс берді. Күй шеберлерінің орындауындағы әрбір әуен, әсіресе, домбыраның әсем дыбысы мен қоңыр сазға бөлеген қобыздың үні мәдениетіміздің бай мұрасын қайта жаңғыртты.
Концерт соңында оркестрге аудан тұрғындары қошемет көрсетті. Бұл шара, сөзсіз, көрермендерге ұмытылмас әсер қалдырып, ұлт өнеріне деген құрметті арттырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/956900


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді