
18-наурыз – Ұлттық киім күніне орай «Киім үлгісі – ұлт келбеті» атты ақпараттық шолу өткізілді. Шарада кітапханашы ұлттық киімнің тарихын, оның мәдени және эстетикалық маңызын дәріптеді. Әкімшілік қызметкерлері және мектеп оқушыларының қатысуымен қазақтың дәстүрлі киімдері таныстырылды.Қазақтың қыз баласына арналған көйлек, камзол, тақия және ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдардың ерекшеліктері, олардың түрлері мен қолданылуы туралы мәліметтер ұсынылды. Шараның мақсаты: ұлттық мұраны дәріптеу, ұлттық киімнің маңыздылығын көрсету және оны бүгінгі күн тұрғысынан насихаттау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-ekpindi/press/news/details/959749?lang=kk

Жауап қалдыру