Бүгін XX «Жұлдызай» балалар шығармашылығы республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Басты мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігін, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, әлеуметтендіру және қоғамға шоғырландыру. Облыстық кезеңге аудандық (қалалық) іріктеуден өткен жеңімпаздар және Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы кешен «мектеп-интернат-колледжі», Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты, Облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының ерекше білім беру қажеттіліктері бар 71 бала қатысты. Фестиваль-байқаудың І, ІІ, ІІІ дәрежелі орын алған жеңімпаздары республикалық кезеңге жолдама алып, 27 мамыр – 1 маусым аралығында Астана қаласында өтетін қорытынды іс-шараға қатысады. ✅«Вокал», «Хореография», «Аспаптық орындау», «Әнді ыммен орындау» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды. 💐Фестиваль-байқаудың жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/959731?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді