
Наурыз мерекесінде Ақтау қаласында 5 мың адам ұлттық киім киіп, ең ауқымды ұлттық киім фестивалі өтеді. Қатысу шарттарын Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте музей саласының ардагері Тамара Жұмалиева хабарлайды.
– Шараға қатысушылар көне немесе заманауи үлгіде жаңартылған ұлттық киімдерді, атап айтқанда бешпент, жадағай, камзол, шапан киюіне болады. Ал ұлттық бас киім мен аяқ киімді таңдау – қатысушылардың еркінде. Сондай-ақ, футболка, корсет, классикалық костюм, жемпір, свитер және заманауи стильдегі басқа да киімдерді киюге болмайды. Сонымен қатар, киімге әртүрлі жазулар мен суреттер жабыстыруға тыйым салынады, – деді Тамара Жұмалиева.
Сонымен қатар, Тамара Жұмалиеваның айтуынша, бұл ауқымды шара арнайы Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылғанын атап өтті. Онымен қоса, осы күні 5 мың адам ұлттық киім киіп, «Қазақтың ұлттық киіміндегі ең көп адам жиналысы» номинациясы бойынша Гиннес рекордын орнатуға тырысады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/959720?lang=kk

Жауап қалдыру