
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен кадр мамандарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді түсіндірді.
Шараның мақсаты мемлекеттік қызметшілердің және оларға теңестірілген адамдардың кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысу, сондай-ақ мемлекеттік органдар басшыларының қаржылық бақылау шараларын қабылдамау фактілеріне жол бермеу болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілерге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салынған. Ал бұл шектеулерге қарамастан, мемлекеттік қызметшінің кәсіпкерлік қызметпен айналысуы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 154-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Ал мемлекеттік органдардың басшылары өздеріне бағынысты мекеме басшыларын тағайындау кезінде олардан активтері мен міндеттері туралы декларация қабылдауы шарт. Олай болмаған жағдайда, мемлекеттік мекеме басшылары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 11-бабын бұзған болып есептеледі және мемлекеттік мекеме басшысының бұл әрекеті үшін Кодекстің 680-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Департамент мемлекеттік қызметшілерге және оларға теңестірілген адамдарға өздеріне қабылдаған шектеулерді орындау қажеттігін атап өтті.
#Заң_мен_тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-mangystau/press/news/details/959783?lang=kk

Жауап қалдыру