19 наурыздан бастап СӘИЖ салық төлеушінің кабинеті арқалы жаңа есептіліктер нысандары қолжетімді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесін (СӘИЖ), оның ішінде салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосуды жүргізілуде.

      2025 жылғы 19 наурыздан бастап СӘИЖ СТК-не келесі салық есептіліктер нысандары табыс етуге қол жетімді болады:

  1. 00 СЕН – Жұмыспен қамтуға көмектесу, міндетті медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларына, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа аударымдардың және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымдары есебі;
  2. 04 СЕН – Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есебі;
  3. 00 СЕН – Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімі;
  4. 00 СЕН – корпоративтік табыс салығы бойынша декларация.

      СӘИЖ СТК-не кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.

      СӘИЖ салық төлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салық төлеуші кабинетінің Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған

      Сұрақтарыңыз болған жағдайда сіз:

  1. knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы
  2. 8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы;
  3. СӘИЖ СТК-нің Қолдау – Кері байланыс бөліміндегі өтініш нысанын пайдалана отырып Қолдау қызметіне хабарласа аласыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/960222?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді