20 наурыз – Ұлттық спорт күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   2025 жылдың 20 наурызында Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Қостанай қаласындағы №24 мектеп-гимназиясында Ұлттық спорт күніне орай ұйымдастырылған жарыстарға қатысты.
   Ұлттық спорт түрлері – халқымыздың мәдени мұрасының ажырамас бөлігі. Ежелден бері қазақтар мейрамдарда спорттық сайыстар өткізіп, күш-қуатын, ептілігін және командалық рухын көрсетті. Бүгінде бұл ойындарға қызығушылық артып, қайта жаңғыруда.
   Департамент қызметкерлері асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ және басқа да ұлттық ойындарда бақ сынады. Бұл – жай ғана спорт емес, көшпелі рухтың көрінісі. Мұнда күш, төзімділік, стратегиялық ойлау және бір-біріне қолдау көрсету маңызды рөл атқарады.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/961000?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді