
ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев жаңа тарихи кезеңдегі мемлекеттік реформаларды іске асыруға арналған ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты.
Отырыста мемлекеттік жүйені трансформациялаудың негізгі аспектілері талқыланды. Олар демократиялық институттарды нығайтуға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және қоғамдық бақылау тетіктерін дамытуға бағытталған.
Мәжіліс Спикері әділдік пен сот жүйесін жетілдіруде омбудсмен институтының рөлін күшейту маңызды қадам екенін атап өтті. Сондай-ақ, Президенттің омбудсмендерге көрсеткен тікелей қолдауы халықтың құқығының қорғалуы жаңа сапалы деңгейге көтерілгенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/961108?lang=kk

Жауап қалдыру