
ШҚО ТЖД Дағдарыс орталығында ШҚО ПД Әскери- дәрігерлік комиссиясының төрағасы Е.С. Есімхановтың қатысуымен Департаменттің кадр қызметкерлерімен, сондай-ақ үміткерлер және олардың ата-аналарымен кездесу өтті. Бұл кездесудің мақсаты – ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу кезінде әскери-дәрігерлік комиссиясынан өту шарттарын, мерзімдерін түсіндіру. Негізгі критерилер- ұлдар үшін бойының биіктігі кемінде 170 см, қыздар үшін 165 см болу керек. Осы кездесуде үміткерлер өздеріне қатысты барлық сұрақтарына жауаптарын алды, сонымен қатар оларға барлық медициналық құжаттардың барлық қажетті тізбесі берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/960556?lang=kk

Жауап қалдыру