Актау мен Құрық порттары және көлік-логистикалық инфрақұрылымға инвестициялар мен даму мәселелері Грекияда талқылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Афина, 2025 жылғы 20 наурыз – Грек Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшісі Тимур Сұлтанғожин «TEKAL S.A.» компаниясының Бас директоры Антониос Панаспен және компания басшылығымен жұмыс кездесуін өткізді. «TEKAL S.A.» – порттық және көлік-логистикалық нысандарды жобалау, салу және қайта жаңарту саласында маманданған ірі грек компаниясы.

Компания бірнеше ірі жобаларды жүзеге асыруда, соның ішінде Астир Вулиагмени туристік портын жаңарту (50,8 млн еуро көлемі жоба), Пирей портындағы III-ші батыс пирсты кеңейту, Фтиотида өңіріндегі Арктиса портын дамыту және Лимассол портында 500 метрлік платформаны салу. Компанияның мамандануы порттық инфрақұрылымды салу және қайта жаңарту жұмыстарын қамтиды, бұл көлік пен логистиканың мүмкіндіктерін жақсартуға ықпал етеді.

Келіссөздер барысында Елші Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту перспективаларын, соның ішінде Ақтау және Құрық порттарының өткізу қабілеті мен қуатын кеңейту жоспарларымен таныстырды. Сонымен қатар Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту саласында ықтимал ынтымақтастық бағыттары талқыланды. Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға және Қазақстандағы порттық инфрақұрылымды, көлік-логистикалық нысандарды салу мен жаңғыртуға инвестиция тартуға ерекше назар аударылды.

Қазақстанның Елшісі Азия–Еуропа көлік дәлізінің ел үшін стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, логистикалық инфрақұрылымды дамытуға алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе мен инвестицияларды тартудың маңызын атап өтті.

Антониос Панас «TEKAL S.A.» компаниясының Қазақстандағы жобаларға қатысуға қызығушылық танытып, Грекия мен Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы ірі инфрақұрылымдық нысандарды жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жақын болашақта бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін бірлесе зерделеуді жалғастыруға келісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/961986?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді