Алматы облысының ТЖД қызметкерлері Жаңару күніне орай ағаш отырғызу дәстүрін қолға алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

19 наурызда Жаңару күніне орай Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жедел-құтқару жасағының аумағында ағаш отырғызу бойынша экологиялық акция өткізді. Бұл шара көктемгі игі дәстүрді жалғастыру мақсатында ұйымдастырылды. Жаңару күні табиғаттың жаңаруын, қоршаған ортаның жаңғыруын және жаңа өмірлік кезеңнің басталуын білдіреді.

Көктемде табиғат қысқы ұйқыдан оянып, қайта тіріледі, сондықтан бұл табиғи жаңаруға қолдау көрсету ерекше маңызды. Ағаш отырғызу – тек аумақты көгалдандыру мен абаттандыруға қосылған үлес қана емес, сонымен қатар өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды қадам. ТЖД қызметкерлері өз үлгісі арқылы қарапайым істердің адамдарды ортақ мақсат – туған өлкенің табиғи байлығын сақтау мен көбейту жолында біріктіре алатынын көрсетті.

Жаңару күні әрбір адамға қоршаған ортаға ұқыпты қараудың, келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезінудің және қоғамдағы бірлікті нығайтудың маңыздылығын еске салады. Алматы облысының ТЖД ұжымы осындай бастамаларға тұрақты түрде қатысып, экологиялық және әлеуметтік құндылықтарды қолдап келеді.

Бұл күні ағаш отырғызу тек экологиялық акция ғана емес, ортақ игілік жолында жұмылған күш-жігердің жеміс беріп, жарқын болашақтың негізін қалайтынын білдіретін белгіге айналды.

 

                                                           Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/961123?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді