Аманөткел ауылдық округінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында штаб отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аманөткел ауылдық округінде аудан әкімінің орынбасары Ш. Есжановтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиынға Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының Жұмылдыру және шұғыл жұмыстар орталығының басшысы М. Сағитжан, Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы З. Қазтоғанов, “Қазсушар” РМК Қызылорда филиалы Ақлақ өндірістік учаскесінің басшысы Б. Абдраймов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы А. Сыдықов, Аманөткел ауылдық округінің әкімі К. Абдраманов және тиісті мекеме қызметкерлері қатысты.

Отырыс барысында төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары сараланып, атқарылған жұмыстарға талдау жасалды.
Сонымен қатар, су тасқынының алдын алу мақсатында тиісті мекемелерге бірқатар тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Ш. Есжанов Сырдария өзені бойымен келетін сеңді қауіпсіз өткізуге атсалысқан және тәулік бойы кезекшілікте тұрған барша қызметкерлерге аудан әкімінің атынан алғыс айтты.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының Жұмылдыру және шұғыл жұмыстар орталығының басшысы Сағитжан Мешітбек Нағашыбайұлына Арал ауданының «Құрмет грамотасы» табысталды. Бұл марапат оның аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмылдыру дайындығы саласындағы еңбегін жоғары бағалаудың белгісі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-amanotkel/press/news/details/961174?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді