Ақмола облысына су тасқынымен күресу үшін күштер мен құралдар топтамасы жіберілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордалық құтқарушылар жергілікті атқарушы органдарға су тасқынына қарсы іс-шараларда көмек көрсету үшін көрші өңірлерге жіберіледі.

Бүгін қызметкерлер Ақмола облысының Жарқайың ауданы Державинск қаласына және Есіл ауданы Есіл қаласына аттанды.

Жергілікті билік көктемгі кезеңнен қауіпсіз өту үшін барлық шараларды қабылдағанына қарамастан, кейбір елді мекендерді су басу қаупі бар.

«Бүгінде қалыптасқан колонналар шұғыл авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Ақмола облысына жіберілді. Күштер мен құралдарды топтастыру барлығы 37 адам, 5 бірлік техника, 2 жүзу құралы, 3 мотопомпа және 1 өрт сорғы станциясын құрайды», – деп атап өтті ТЖ жою басқармасының бастығы Бауыржан Ахметалин.

 

 

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-astana/press/news/details/961047?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді