
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында «Мәдениет және мұра – Қазақстан халқы ассамблеясына 30 жыл» жобасы аясында Ақмола облысының өзбек этномәдени орталығының ұйымдастыруымен «Бірлігіміз әралуандықта» шарасы өтті.
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі С.Кенжебаев жиналған қауымды тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз мерекесімен құттықтады.
Аталған шараға Қазақстандағы Өзбекстан Республикасы елшілігінің, Түркістан облысы өзбек этномәдени бірлестігінің өкілдері және «Ғунча» ансамблінің өнерпаздары қатысты. Мерекелік шарада ұлттық тағамдар көрме-көрсетілімі және концерттік бағдарлама ұсынылды.
Қазақстандық бірегейлік пен бірліктің, патриотизмнің дамуына қосқан елеулі үлестері үшін бірқатар белсенді азаматтар марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-uvp/press/news/details/961627?lang=kk

Жауап қалдыру