
Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхтар Ұбайтжанұлы Сербаевтың, Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Қарлығаш Болатбайқызы Матаеваның қатысуымен 2025 жылдың 18 наурызында Ақтау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжымымен кеңес өткізілді.
Кеңесте Басқарма мамандарының тарапынан қызметке байланысты бірнеше сұрақтар қойылып, Департамент басшысы және Әдеп жөніндегі уәкілмен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп талаптарының сақталуы туралы айтылды.
Кеңес соңында Басқарма ұжымындағы моральдық-психологиялық ахуалды анықтау мақсатында Әдеп жөніндегі уәкілмен анонимді сауалнама жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/959879?lang=kk

Жауап қалдыру