
Астана қаласы мәслихатының депутаттары экономика мен кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін талқылады
Астанада қала мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы өтті. Кездесу Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасында ұйымдастырылды.
Депутаттар басқарма басшысы Халел Әкімжановпен бірлесе отырып, биылғы жылдың жұмыс қорытындыларын шығарып, 2025 жылға арналған жоспарларды және өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған өзекті мәселелерді талқылады.
Ерекше назар басқарманың инвестиция тарту және елордадағы кәсіпкерлікті дамытудағы рөліне аударылды. Депутаттар экономика, өнеркәсіп, сауда, азық-түлік қауіпсіздігі және туризм салаларында ортақ мақсаттарға жету үшін одан әрі ынтымақтастықты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/960860?lang=kk

Жауап қалдыру