
АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ ЖӨНІНДЕ АҚПАРАТ
Тұрғындар тарапынан негізінен аудан аумағындағы жол мәселесі, көше жарығы, ауыз су және ағын су жүйелері, табиғи газбен қамтамасыз ету, балалар ойын алаңшаларын салу, инфрақұрылымды дамыту, каналдарды тазалау, тік дренаждарды қалпына келтіру, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару және реттеу сияқты маңызды мәселелер көтерілді. Әрбір ауыл округінде халықтың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалып, өзекті мәселелер бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аудан тұрғындарының көтерген мәселелерінің шешілуіне ықпал ету мақсатында, оларды жауапты атқарушы органдардың қарауына жолдау үшін тиісті сауалдар әзірленіп, мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарына және сессияларда қарау үшін ұсынылатын болады. Сондай-ақ, салаға жауапты бөлім басшыларының назарына жеткізіліп, олардың орындалуына ықпал жасайтын боламын.
Ордабасы аудандық мәслихаты тұрғындармен ашық диалог орнату, жергілікті халықтың мұң-мұқтажын тыңдау және оларды шешу жолдарын қарастыру бағытында өз жұмысын жалғастыра беретін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ordabasy-maslihat/press/news/details/959871?lang=kk

Жауап қалдыру