АУДАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ЖАРЫСТАРЫНДА ЖҮЛДЕЛЕРДІ ИЕЛЕНДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Наурызнама» онкүндігі аясында 20 наурыз – Ұлттық спорт күні болып бекітілді. Бұл күн халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ойындарын дәріптеу мен салт-дәстүрді жаңғыртуға шақырады.

Осы орайда бүгін Қарағанды қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында ұлттық спорт түрлерінен спартакиада өтті. Ауданымыздың мемлекеттік қызметшілері асық ату, гір көтеру, арқан тартыс, тоғызқұмалақ, садақ ату және қол күрес сияқты түрлерінен ауданның намысын қорғады.

Жарыс нәтижелеріне сәйкес Нұра ауданынан асық атудан І орынды Оразбеков Алихан Ералыұлы иеленсе, гір көтеру сайысында Хасенов Ғалым Толеубайұлы, Қанапия Жандос Жұмажанұлы, Теміров Нұрхан Нұржанұлы мен Тәуекел Ораз Талғатұлынан құрылған команда жалпы есепте І орынды қанжығаларына байлады. Сонымен қатар, Шорабеков Әсет Ермекұлы қол күресінен және арқан тартыстан қатысқан команда құрамы (Хасенов Ғалым, Нашарбеков Бауыржан, Агзамов Айдос, Оразбеков Алихан, Баязитова Айжан, Асанова Данагүл, Рыспаева Зарина, Абильдинова Дина) ІІІ орындарға ие болды.

Жарыстардың қорытындысына сәйкес Нұра ауданының мемлекеттік қызметшілер командасы жалпы командалық есепте он екі команда арасынан жүлделі ІІІ орынға жайғасты.

Елге қызмет етумен қатар ұлттық спортты қолдаушы жерлестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/press/news/details/961827?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді