
18 наурызда Қарқаралы аудандық мансаптық орталығында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Өткізілген іс-шарада 12 азаматқа 2024-2029 жылдарға арналған еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасы шеңберінде консультация берілді. Бос орындар жәрмеңкесінде Қарқаралы ауданы бойынша 10-нан астам жұмыс берушіден 42-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңкеге келушілер үшін, сондай-ақ тұрақты және уақытша жұмыс орындарына, оның ішінде “Күміс жас”, ”Алтын жас”, ”Жастар практикасы”, ”Қоғамдық жұмыстар”, ”Әлеуметтік жұмыс орны” бағыттары бойынша жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультация ұйымдастырылды. Барлық өзекті бос жұмыс орындарын Enbek.kz порталынан көре аласыздар.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly/press/news/details/961426?lang=kk

Жауап қалдыру