
Шығыс ойшылы Жүсіп Баласағұн: «Адамның мәңгі болмағы, оның ары мен елі үшін еткен еңбегінде», – деуінің өзі бекер емес, өйткені ұстаздықтың ұлы жолын таңдаған әр адамның бойында үздіксіз ізденіс пен тынымсыз еңбек ету қасиеттері болуы шарт.
Ал, адам бойындағы ең асыл қасиеттерді жас ұрпақтың санасына дарытатын ұстаздар қауымы.
Ағымдағы жылдың 19 наурызында Мақат өңірінің білім саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, бүгін таңда зейнеткерлік жастағы ардагер – ұстаз Насипа Садыққызының шаңырағына Департамент басшысы Б.Таишев арнайы барып, құттықтады.
Ардагер ұстаз Насипа Садыққызы сөз алып, сан мыңдаған шәкірттер мен жас мамандарды тәрбиелеуде өз бақытын еңбектен тапқан айтып, құрмет көрсетіп жатырған Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне алғысын білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-atyrau/press/news/details/961347?lang=kk

Жауап қалдыру