
Атырау облысы полиция департаментінде 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Бұл күннің басты мақсаты – ұлттық киімді насихаттап, қазақтың дәстүрлі мәдениетін дәріптеу. Іс-шара барысында департамент қызметкерлері ұлттық нақыштағы киім киіп, атаулы күннің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Криминалды полиция басқармасы, Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ, Құжаттама бөлімі мен Ақпараттандыру және байланыс басқармасының қызметкерлері мерекеге орай киіз үй тігіп, ұлттық тағамдар мен қазақы салт-дәстүрді ұлықтады. Олар қазақы шапан, камзол, тақия, сәукеле сынды дәстүрлі киімдерді киіп, ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігі екенін көрсете білді.
Бұл шара халық арасында ұлттық киімнің маңыздылығын арттыруға, оның сәннен қалмайтынын насихаттауға бағытталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/960775?lang=kk

Жауап қалдыру