
А.М.Бекмухаметов Павлодар облысы бойынша экология департаментінің қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинар өткізді.
Кеңес барысында А.М.Бекмухаметов экология департаменттерінің Әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысы бойынша түсініктемелер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, құмар ойындарға қатысуға жол бермеу, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын сақтау, сондай-ақ мереке күндері алдында жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтау, қоғамдық орындарда алкогольдік масаң күйде пайда болуына жол бермеу туралы және мемлекеттік қызметшілерді деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартуға жол бермеу бойынша ұсынымдар берілді.
Семинар барысында қызметкерлер мемлекеттік қызмет саласындағы сұрақтарға жауап алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cerc/press/news/details/961242?lang=kk

Жауап қалдыру