“Елдің заңын біл және сақта”: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс аясында Мичурино оқушыларымен кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 “Заң және тәртіп” қағидатын ілгерілету аясында Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Павлодар облысы Әділет департаментімен бірлесе отырып, Павлодар ауданы Мичурин орта мектебінің оқушыларымен “Парасаттылық сағаты” форматында “Елдің заңын біл және сақта” тақырыбында сабақ-кездесу өткізді.

Сабақтың мақсаты мектеп оқушыларының қоғамдағы әділеттілікпен тәртіпті қамтамасыз ету үшін заңдарды сақтаудың және құқықтық сауаттылықты дамытудың маңыздылығы туралы хабардарлығын қалыптастыру болды.

Кездесу барысында оқушыларды Қазақстан Республикасының құқықтық заңнамасының негіздерімен таныстыру, сондай-ақ оқушылардың күнделікті өмірінде заңдардың сақталуы үшін жауапкершілікті қалыптастыру болды.

Әр азаматтың құқықтарымен міндеттерін құрметтеудің маңыздылығына, сондай-ақ заң бұзушылықтардың салдарына баса назар аударылды. Іс-шараға 60 оқушы қатысты.

Оқушылар белсенді сұрақтар қойып, тақырып бойынша өз пікірлерімен және тәжірибелерімен бөлісті, бұл ашық диалогпен қызығушылық атмосферасын құруға ықпал етті.

Сонымен қатар, талқылау барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және жастардың бұл құбылысқа төзбеушілігін қалыптастырудың маңыздылығы туралы айтылды.

 

 

#Заң_мен_Тәртіп   
#ЗАҢменТӘРТІП  

#Тәртіпті_өзімізден_бастайық

#Жастар_біздің_болашақ

#Парасаттылықсағаты

#Өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік


Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе 
@antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-pavlodar/press/news/details/959805?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді