
Бүгін Талдықорған қаласында «Ұлттық киім» күніне орай «Наурыз Аруы – 2025» сұлулық байқауының ақтық кезеңі өтті. Отыз арудың арасынан суырылып шыққан 10 ару өз өнерін ортаға салып, ұлттық киімдердің сан түрін киіп, жиналған жұртшылыққа тәнті етті.
Сұлулық байқауының ең маңызды бөлігі болған Ұлттық киімдер этно-дефилесі қала тұрғындары мен қонақтарына әртүрлі өңірлердің дәстүрлі ұлттық киімдерін тамашалауға мүмкіндік берді. Әрбір киімнің өз тарихы мен мағынасы бар, олар ұлттық болмысымызды, мәдениетімізді насихаттау мақсатында сахналанды.
Байқау жеңімпаздарын қала әкімі Ернат Бәзіл және «MISS TALDYQORGAN – 2024» сұлулық байқауының жеңімпазы Абдирзақ Көркем марапаттап, сый-сияпатын тарту етіп, сәттілік тіледі.
Айта кетейік, «Наурыз Аруы – 2025» сұлулық байқауының жеңімпазы атанған ару Еркежан Серікхан Дарханқызы Барлыбек Сыртанов атындағы №25 орта мектебінің 11-сынып оқушысы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/960399?lang=kk

Жауап қалдыру