
Талдыбұлақ ауылдық округі әкімі Кашкимбаев Марат Метербайұлы Талдыбұлақ, Бостан, Терісақан ауылының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Кездесу барысында округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, аббаттандыру жұмыстары, жол және инженерлік инфрақұрылым мәселері талқыланды.
Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Осындай ашық диалог тұрғындардың жергілікті билікпен тиімді қарым-қатынас орнатуына және ауылдың дамуына оң әсер етеді. Тұрғындар өз ризашылығын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-taldybulak/press/news/details/960635?lang=kk

Жауап қалдыру