
Ерназар ауылының кітапханасында Наурыз мерекесіне орай «Көктем мен жаңару мерекесі» тақырыбында интерактивті ойын өтті. Мерекелік шараға ауыл мектептерінің оқушылары белсене қатысып, ұлттық ойындар арқылы көктемнің жаңару мен жаңғыру кезеңін атап өтті. Оқушылар арасында тақиятастамақ ойыны ерекше қызығушылық туғызды. Шара соңында кітапханашы оқушыларға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтып, қазақ мәдениетіне деген қызығушылықтары мен ұрпақтан-ұрпаққа жететін дәстүрлерді сақтау жолындағы белсенділікке мадақ айтты.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/961965?lang=kk

Жауап қалдыру