Менингококк инфекциясының алдын алу шаралары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласы санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің Қарағанды қаласының санитариялық-карантиндік бақылау маманы «Қарағанды» шекаралық бөлімінің қызметкерлері, «Әуежай-Қарағанды» кеден бекеті және желілік полиция бөлімінің қызметкерлері арасында «Менингококкты инфекциясының алдын алу шаралары» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарда менингококк инфекциясы туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылды. Семинар қатысушыларына аурудың белгілері, асқынулары, жұқтыру көздері, негізгі факторлар мен таралу жолдары түсіндірілді.

Менингококк инфекциясының басталуының кенеттен және ауыр болуын ескере отырып, оның алғашқы белгілері байқалған жағдайда мүмкіндігінше медициналық көмекке жүгіну, әсіресе балалар үшін, дер кезінде дәрігерге қаралып, қажетті емдеуден өту ұсынылады.

Семинар қатысушылары барлық сұрақтарына толық жауап алды. Қатысушыларға брошюралар мен флаерлер таратылды.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/961161?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді