Наурыз мерекесі қарсаңында Қазынашылық комитетінің төрағасы Рахат Тоқбаев көпбалалы қызметкерлерді құрметтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз қарсаңында Қазынашылық комитетінде ерекше дәстүр қалыптасқан. Бұл – махаббат, қамқорлық және еңбексүйгіштік қасиеттерімен шабыттандыратын қызметкерлерді құттықтау. Биыл комитет төрағасы Рахат Тоқбаев ұжымдағы көпбалалы қызметкерлерге алғысын білдірді.

 Комитетте 5 және одан да көп баласы бар төрт қызметкер бар екен. Бұл тек үлкен жауапкершілік пен отбасыға деген адалдықты көрсетіп қана қоймай, барлығымыз үшін үлкен үлгі болып табылады. “Сіздердің отбасыға, жұмысқа және қоғамға қосқан үлестеріңіз баға жетпес. Сіздер кәсіби жетістіктер мен отбасылық құндылықтарды үйлестірудің үлгісісіздер. Наурыз сіздердің шаңырақтарыңызға жылулық, береке және қуаныш әкелсін!”- деп атап өтті Комитет төрағасы. 

Көпбалалы қызметкерлерге естелік сыйлықтар табысталып, жылы лебіздер мен алғыс сөздер айтылды.

Наурыз баршамызға жаңару, қуаныш және жаңа үміттер әкелсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/961317?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді