
Ағымдағы жылдың 20 наурызында ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы № 1 облыстық мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Өкіл адамның іргелі құқықтары, оларды қорғау және Қазақстан Республикасында іске асыру тетіктері туралы сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Республика бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес баланың құқықтары мен ата-ананың міндеттері, Қазақстан Республикасының Конституциясында адам және азаматтарға кепілдік берілген құқықтар, оның ішінде еңбек ету бостандығына, тынығу және еңбек ету жағдайына қатысты құқықтар, еңбек заңнамасы, сондай-ақ “Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы” Конституциялық заңның негізгі ережелері, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілінің функционалдық міндеттері туралы ақпараттармен бөлісті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-zhambyl-oblysy/press/news/details/961428?lang=kk

Жауап қалдыру